Әзербайжанда орыс тіліндегі мектептер жабылуда  – жергілікті БАҚ.

1 шілде, 2025 / Arasha.kz

Әзірбайжанда орыс тілінде білім беретін мектептер жабылуда, — деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, орыс тілді мектептерде оқитын оқушылардың ата-аналарына тиісті хабарламалар жолданған. Олардың мәліметінше, мектептер кезең-кезеңімен жабылатын болады.

Тағы оқыңыз: Әзербайжан Бас прокуратурасы Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

«Алдағы үш жылда орыс тілінде оқытатын мектептер азербайжан тіліне көшеді, мұғалімдер үшін қайта даярлау курстары ұйымдастырылады», — деп жазады басылым.