Астанада ер адам азаматтық некедегі әйелін өлтіріп, өзі 25 қабаттан секірген.

19 маусым, 2025 / Arasha.kz

19 маусым күні Астанадағы «Орбита» тұрғын үй кешенінде қатыгездікпен жасалған қылмыс туралы ақпарат тарады. Алынған мәліметтерге сәйкес, ер адам азаматтық некедегі жары – Саня есімді әйелге балалардың көзінше төрт рет пышақ жарақатын салған. Одан кейін 25-қабаттан секіріп, төмендегі көлікке құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол аман қалған.

Қайғылы жағдайға қаржылық келіспеушілік себеп болуы мүмкін.

Марқұмның артында 7 және 10 жастағы екі ұлы қалды.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазір барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.