Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады.

14 сәуір, 2025 / Arasha.kz

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАДБ басшысымен кездесіп, халықаралық қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспарын талқылады.

2024 жылдың қорытындылары:

Банк елімізге 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында 3,8 млрд доллар инвестиция құю жоспарын мерзімінен бұрын орындады.

2025 жылға жоспар:

-жалпы сомасы 4,5 млрд доллардан асатын жобалар ұсынылды;

Мемлекет басшысы банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

ЕАДБ портфеліне жалпы инвестиция сомасы 16,5 млрд долларды құрайтын 305 жоба енген;
негізгі бағыттар: көлік инфрақұрылымы, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау.