Қытай инвесторлары Павлодарда зауыт салады.

11 қыркүйек, 2019 / Arasha.kz

Қытай инвесторлары Павлодарда жылына 110 мың тонна қант өндіретін зауыт салады. Мұндай келісімге Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Қытай инвесторы,  NAALE компаниясының басшысы Чжан Ци Қазақстан-Қытай 6 шы іскерлік кеңесі аясында қол қойған. Зауытты 2020-2022 жылдары салу жоспарланған. Келісімнен кейін Қытай инвесторы Павлодарда өз кеңселерін ашып, жобаны іске асыруға кіріспек.