Билл мен Хиллари Клинтон араб принцтері мен қазақ олигархтарынан қайырымдылық шаралары үшін миллиондаған доллар алатын, ал қазір канадалық қарапайым адамдардан он доллар ала алмай жүргенін foxnews insider видео жазбасында Марк Стейн  айтты.

Өткен аптада Торонтода өткен Билл және Хиллари Клинтондардың кешіне бір билеттің бағасын шамамен 10 долларға дейін құлағаны туралы жаңалыққа Марк Стейн жауап берді. Бұл көп жылдар бойы олардың қайырымдылық қорына құйылған қаражаттан әлдеқайда аз.

Такер Карлсонның хабарлауынша, Канададағы театр 83 пайыз бос болған, жүздеген доллар саналған билеттің құны тез сатылмай қалғаннан кейін күрт түсіп кеткен.

Стейннің айтуынша, Клинтондар марқұм президент Джордж Г. У. Бушқа (George H.W. Bush) «контраст», ал Буш «лайықты саяси өмірдің үлгісі».