Семейде ұсталған азаматты азаптаған полицейлер қамауға алынды.

9 ақпан, 2024 / Arasha.kz

Семейде ұсталған адамға қатысты азаптау қолданылды деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

2023 жылдың қаңтарынан бастап азаптау туралы қылмыстық істерді тергеп-тексеру прокуратура органдарының айрықша мән беруде.

«Бейнебақылаудың жай-күйіне, оның жұмысқа жарамдылығы мен бейне жазбалардың сақталуына, сондай-ақ ғимараттардағы «соқыр аймақтарды» жоюға ерекше назар аударылады. Қылмыс жасағанын мойындату мақсатында азаптау, яғни ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Семей қаласы Орталық полиция бөлім қызметкерінің ұсталды», — делінген хабарламада.

26.01.2024 жылы Абай облысының прокуратурасы ҚПК-тің 128-бабына сәйкес күдіктіні Семей қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамады.

Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.