Әнші Абай Бегейдің қызына заңсыз онлайн-лотерея ұйымдастырғаны үшін іс қозғалды.

18 маусым, 2025 / Arasha.kz

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған. Бұл туралы Ұаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан.

Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған.

«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды.  Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды», — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.