Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды.

18 маусым, 2025 / Arasha.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы жылдың 10 маусымында Орал қаласында кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетін кесті.

8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен. Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», — делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.