Қазақстанның әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері анықталды. Сыйлықтың 2018 жылғы иегерлері Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Биыл әдебиет саласындағы мемлекеттік сыйлық “Алқоңыр дүние” өлеңдер мен балладалар жинағының авторы ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке, “Ана сыры” өлеңдер жинағының авторы ақын Ақұштап Бақтыгерееваға, “Шуақты шақ” өлеңдер жинағы үшін ақын Өтеген Оралбаевқа берілді.

Өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық “Абай” операсын қойғаны үшін “Астана Опера” опера және балет театрының ұжымына және “Анаға апарар жол” фильмін түсірген шығармашылық топқа берілді: фильмнің бас продюсер болған Әлия Назарбаева, фильм сценариін жазған Тимур Жақсылықов, режиссері Ақан Сатаев, фильмде рөлдерді ойнаған Әділ Ахметов пен Алтынай Нөгербек те сыйлыққа ие болды.

Мемлекеттің қаржылай қолдауымен түсірілген фильмде бір-бірінен ажырап қалып, ұзақ жылдардан кейін қайта қауышуға тырысқан ана мен баланың тағдыры бейнеленеді.

Дереккөз: Azattyq.org