Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдердің аналары ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

16 маусым, 2025 / Arasha.kz

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия соққыға жығылған 6-сынып оқушысын қорлағандарды тәртібі қиын балаларға арналған арнайы мектепке жіберді.

Тағы бес ана ата-аналық міндетін дұрыс атқармағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Тағы бір жасөспірімнің әкесіне 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылды.

Сонымен қатар, комиссия сотқа ата-ана құқығынан айыру және шектеу туралы талап-арыз түсірді.