АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін «қапалы» екенін мәлімдеді.
Трамп Украинадағы жағдайды реттеу мәселесіне көңілі толмайтынын айтып, Ресей президентімен болған әңгіме барысында ешқандай прогреске қол жеткізе алмағанын мәлімдеді. Екі ел басшысы 3 шілде күні телефон арқылы сөйлескен.
– Мен президент Путинмен болған әңгімеме қатты ренжідім. Өте ренжідім, – деді Трамп.
Ал 4 шілде күні Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткізген телефон әңгімесін Трамп «жақсы өтті» деп бағалады.