Әзербайжан елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.

29 маусым, 2025 / Arasha.kz

Әзербайжанның Ресейдегі елшісі Рахман Мустафаев Ресейдің Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей СІМ-інен хабарлаған.

Шақырту себебі ретінде Әзербайжан тарапынан жасалған «достыққа жат әрекеттер» көрсетілген.

Айта кетсек, Ресей мен Әзербайжан арасында соңғы күндері дипломатиялық шиеленіс күшейді. Ресей СІМ әзербайжандық тараптың медиа-бақылау мен азаматтарға қатысты іс-әрекеттерін «достыққа жат әрекеттер» деп бағалады. Әзербайжан тарапы болса, Екатеринбургтегі полицейлік рейд пен Sputnik оқиғасына өз азаматтарының құқықтары бұзылғандығына алаңдаушылық білдірді.