Бұрынғы Қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды.

29 маусым, 2025 / Arasha.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Айта кетсек, маусымның 8 күні Президенттің Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған болатын. Ол бұл қызметке 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін тағайындалған еді.