Қытайда роботтар бокс турниріне қатысады.

20 мамыр, 2025 / Arasha.kz

Қытайда робот боксшылар турнирге дайындалып жатыр.  Жарыс осы аптада өтеді, деп хабарлады 24KZ.

Сайысқа жергілікті «Юнитри Роботикс» технологиялық компаниясының құрылғылары қатысады.

Бір ай бұрын робот пен адамның арасында бокстан жекпе-жек өткен еді. Сол кезде құлтемір кәсіби спортшыдан жеңіліп қалған. Яғни жылдамдығы аздау болған. Соққыға да төтеп бере алмаған. Енді компания роботты жетілдірді. Сөйтіп боксшы мен робот қайта жекпе-жекке шығады.

Инженерлер мұндай құрылғылар кәсіби боксшылардың шеберлік деңгейін арттыруға көмектесетінін айтады.