Бүгін 12 желтоқсан күні өтетін «Астана» – «Челси» футбол матчы аясында стадион маңындағы көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.
Шектеу уақыты:
18:30-дан 00:00-ге дейін.
Жабылатын учаскелер:
— Абай даңғылы: Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін.
— Сәтбаев көшесі: Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін толықтай жабылады.
Патрульдеу:
— Жақын маңдағы көшелерде патрульдік полиция нарядтары қойылады.
«Құрметті автокөлік жүргізушілері мен қала тұрғындары! Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет!», — делінген қала әкімдігі таратқан мәліметте.