Арменияда діни топ билікті басып алмақ болған.

24 маусым, 2025 / Arasha.kz

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Telegram-арнасында құқық қорғау органдары елдегі жағдайды тұрақсыздандыру және билікті басып алуға бағытталған «қылмыстық олигархиялық дінбасылар» жоспарын әшкерелеп, оның алдын алғанын мәлімдеді. Ол Армения Тергеу комитетінің ресми мәлімдемесіне де сілтеме жасады.

Қауіпсіздік күштері таңертеңнен бастап архиепископ Баграт Галстанян басқаратын «Қасиетті күрес» қозғалысының мүшелері мен жақтастарының үйлерін тінтіп жатыр.

Премьер мен армян шіркеуі арасындағы текетірес бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Шіркеуді қолдаған миллиардер Самвел Карапетян билікті басып алуға жария түрде шақырғаны үшін қамауға алынды.

Тергеу органдарының мәлімдеуінше, архиепископ Галстанян теракттар мен билікті басып алу үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, соған лайық жағдай жасаған, яғни билікті күшпен тартып алуға дайындалған.

«Қасиетті күрес» қозғалысы да мәлімдеме жасап, архиепископ Баграт Галстанянның резиденциясында арнайы операция жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тінтулер шамамен 30-ға жуық оппозиционердің үйінде бір мезетте басталған.