ШҚО-да полицейлер белгілі азаматтан ақша бопсалағаны үшін сотталды.

14 мамыр, 2025 / Arasha.kz

Өскеменде үш полиция қызметкері қызмет бабын пайдаланып, облыстың танымал тұрғынынан 3 млн теңге бопсалағаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ШҚО соттарының баспасөз қызметі.

Сот мәліметінше, 2024 жылдың 4 маусымында полицейлер азамат С.-нің жеке өміріне қатысты ақпаратқа қол жеткізіп, бейнематериалды жариялаймыз деп қорқытқан. 6 маусымда С. азамат З.-ға 3 млн теңге берген.

Айыпталушылар кінәсін мойындамаған.

Сот қызметтік антының бұзылуын ауырлататын, ал кәмелетке толмаған балаларының болуын жеңілдететін мән-жай деп таныды.

Нәтижесінде З. 6 жылға, Н. және Н. 5 жыл 6 айға сотталды. Барлығы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.