«Қазақмыс» басшысының жары танысуға ұмтылғандарға жауап берді.

4 маусым, 2025 / Arasha.kz

Халықаралық гроссмейстер, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты және шахмат жұлдызы Жансая Әбдумәлік Instagram желісіндегі ашық фотосынан кейін өзіне жеке хабарламалар жазғандардан шаршап, оларға қатқыл жауап берді.

«Соңғы жарияланымымнан кейін әртүрлі адамдардың “танысайық” деген әрекеттерін тоқтату үшін жұбайыммен түскен суретті қайтадан профильге қойдым», – деп жазды 25 жастағы шахматшы Stories-те.

Күмән қалдырмас үшін Жансая күйеуімен бірге түскен әсерлі суретін бөлісіп, қысқа ғана жазба қалдырды:
«Міне – менің махаббатым».

Ол кімге тұрмысқа шыққан?

Жансая Нурахмет Нұриевке тұрмысқа шыққан — ол 2022 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС басқарма төрағасы. Жансаяның қарапайым бейнесінің артында Қазақстанның ең ықпалды отбасыларының бірі тұр.

Нурахмет Нұриев — элитаның өкілі

2019 жылы Айгүл Нұриева Forbes Kazakhstan рейтингінде 350 млн доллар дәулетпен топ-20 қатарына енген. Ол: