Қазақстан мен Әзербайжан Каспийде әскери-теңіз жаттығуын өткізеді.

16 маусым, 2025 / Arasha.kz

Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бірлескен оқу-жаттығулар теңіз экономикалық қызметі нысандарының, Әскери-теңіз күштері мен кеме қатынасы пунктерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

1 дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков атап өткендей, оқу-жаттығулар екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.

Іс-шара шағын футбол, армрестлинг, арқан тарту және жүзу жарыстарымен аяқталды.