04-12-17 | 14:00
“Самұрық-Қазына” АҚ жылдық есебі.
“Самұрық-Қазына” АҚ жылдық есебі

«Самұрық-Қазына» АҚ есептері 2016 жылдың қорытындысы бойынша RAEX «Эксперт РА Қазақстан» жылдық есептер рейтингінде үздік үштіктің қатарынан көрініп, «Қаржылық емес сектордағы үздік жылдық есеп» номинациясы бойынша бірінші орын иеленді. Компания қызметінің барлық негізгі аспектілері орталық тақырыптың призмасы арқылы анықталады — мазмұны мен визуалдық безендірілуінде PRIME корпоративтік құндылықтар жүйесі ұсынылады.

Осы жылдың маңызды жаңалығы тұрақты даму саласындағы қызметі туралы жеке есебін Қордың жылдық есептер жиынтығына қосуы болды. Құжатта компанияның қабылдаған тұжырымдамалары шеңберінде жүзеге асырылатын сегіз негізгі бастамалар көрсетілген. Есептің дизайны мен аналитикалық бөлімі арқылы Қор корпоративтік мәдениет мәселелері ұйымның тұрақты дамуының негізі, әрі қызметтің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін басқарудағы маңызды буыны болатындығы жайлы ақпарат таратады.

Негізгі жетістіктер

Бизнес-моделді ашып көрсету. Қор өзінің жылдық есебіне ұйымның негізгі құндылықтарын, жұмыстың бағыттарын және туындайтын қосымша құнды сипаттайтын бизнес-модель туралы ақпарат қосты. Бұл үлгі – есептегі кейінгі ақпараттарды жақсырақ түсінудің маңызды жолы.

Сыртқы ортаға шолу. Жылдық есепте экономикаға барынша сапалы талдау жасалған, жағымды сәттердің бірі – есептік жылдағы экономикалық өсу көздерін және 2017-2021 жылдарға арналған перспективаларды айырықша көрсетуі.  Қысқа мерзімдік тұрғыда экономикаға әсер етуі мүмкін факторлар келтірілгендігі де ерекше маңызға ие.

Даму стратегиясы және ПӘК. Қор өзінің даму стратегиясын тыңғылықты түрде ұсынады, соның ішінде 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық мақсаттар мен бизнес – тапсырмалар бойынша қызметің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсетуімен есеп ерекшеленеді. Өндірістік компанияларды басқарушы Қор қызметінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде ірі  инвестициялық жобаларды іске асыруға баса назар аударылды.

Бизнес және қаржылық шолу. Жылдық есеп қызметтің операциялық және қаржылық нәтижелерін сапалы түрде ашып көрсетуді қамтиды. Қор инфографика арқылы цифрлар мен деректерді  ұсыну және менеджерлердің сараптамалық түсініктемелерін келтіру арқылы жұмысының негізгі бағыттары бойынша есеп береді. Негізгі стейкхолдерлер мен мақсатты аудиторияларға басымдылықтар қоюға және негізгі хабарламаларды жеткізуге мүмкіндік бере отырып, бүкіл құжат бойынша басты ұстанымдар айқындалған.

Қаржылық талдау. Есептің бұл маңызды бөлігінде компания қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері келтірілген, кірістер мен капитал құрылымы тәрізді параметрлер жан-жақты сипатталған. Қаржылық есептің толық жиынтығы жеке кітап ретінде қоса беріледі.

Тұрақтылық туралы есеп Жаһандық есептілік бастамасының (GRI) G4 нұсқаулықтарына сәйкес ұсынылған. Құжат компанияның тұрақты даму аумағының саясатын және осы саладағы негізгі бастамаларын көрсетеді. Мүдделі тараптармен өзара әрекет үдерісі толықтай ашылды және қызметкерлерді дамыту мен этика мәселелері жарияланды. Дамудың әлеуметтік және экологиялық факторларымен қатар, сыртқы ортамен өзара әрекеттесудің экономикалық аспектілеріне назар аударылды. Атап айтқанда, сатып алу және жеткізушілермен жұмыс істеу, сондай-ақ осы салада жүзеге асырылатын жаңашылықтар сипатталды.

Қордың жылдық есебінің барлық негізгі бөлімдері халықаралық ақпараттық ашықтық тәжірибесіне сәйкес жасалды, әрі қабылданған ашықтық пен жариялылық стандарттарын ұстануға ұйымның ұмтылысын көрсетеді. Негізгі қаржылық және қаржылық емес ПӘК туралы ұсынылған барлық ақпараттар графикалық түрде құрылымдалып, соңғы үш жылдағы динамикада көрсетілгендіктен, оқырмандар мен сарапшыларға жалпы және белгілі бағыттар мен бағдарламалар бойынша компания қызметін көруге мүмкіндік береді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.