Кәсіпкерлерге қысымды төмендету агенттік жұмысының негізгі бағыты

71

Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінгі күні, Агенттік тарапынан ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда.
2018 жылдың 12 желтоқсан күні Агенттік Төрағасының орынбасары А.Шайымова (суретте) аталған жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынған «Golden Camel Group LTD» серіктестігіне ат басын бұрып, жұмыс барысымен танысты.
Бұл серіктестік елімізге жалпы құны 22 млн. долларды құрайтын инвестиция құюда. Компания түйе және жылқы сүтін өңдеумен айналысады.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті ағымдағы жылғы қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 240 млрд. теңгеден асатын 5 инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы инвесторлармен келісімге қол қойды.