Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді.

13 қазан, 2024 / Arasha.kz

Энергетика министрлігі шикізатпен қамтамасыз етуден бастап түпкілікті өнім шығаруға дейінгі іс-шараларды қамтитын «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасын» әзірледі.

Құжаттың мақсаты – мұнай-газ химиясы саласын дамыту және осы саладағы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жол картасының ережелерін орындау шеңберінде мынадай нәтижелер көзделген:

Ғылыми базаны, адами капиталды жетілдіру, сондай-ақ тиісті нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарды қабылдау есебінен саланы дамыту үшін жағдайлар жасау.

Жол картасын ҚР Үкіметі бекітті.