Президент демалысқа шықты.

22 шілде, 2024 / Arasha.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалысқа шықты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», — делінген хабарламада.

Алайда, президент демалысын нақты қайда өткізетіні айтылмаған.

2021 жылы Тоқаев төрт күндік демалысын Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында өткізді.