Семейде автобус жүргізушісі есірткі қабылдаған.

22 қаңтар, 2021 / Arasha.kz

Семей қалалық полиция қызметкерлері есірткі қабылдап, рульге отырған қоғамдық көлік жүргізушісін анықтады.

Оқиға 20 қаңтар күні тіркелген. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен хаттама дайындалды.

«Өңірде 20-22 қаңтар аралығында «Автобус» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін — 7 жүргізуші, көлік тізгіндеп отырып телефон пайдаланған — 47, жылдамдықты асырғаны үшін — 14 және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 46 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деп хабарлайды ШҚО ПД-нің баспасөз қызметі.

Аймақта полиция қызметкерлерімен жүргізілген екі күндік шара кезінде 300-ге жуық заңбұзушылық тіркелді.