Полицейлер жаңа формасын халықтың талқылауына ұсынды

203

Қазақстан ішкі істер министрлігі қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жобасын жариялады.

ІІМ мәліметінше, полицейлердің формасы соңғы рет 2005 жылы өзгерген. Министрлік “бұрынғы форма заманауи талаптарға сай келмейді. Қазіргі жаңа үлгі қолайлы әрі тартымды” деп санайды.

Ішкі істер министрлігі жаңа форма үлгісін халықтың талқылауына ұсынып, азаматтардан белсенділік танытуды сұрады.

View this post on Instagram

Қазақстандық полицейлердің (сыртқы қызмет) жаңа нысанды киімінің жобасын назарларыңызға ұсынамыз. Нысанды киім соңғы рет 2005 жылы өзгерген. Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді. Нысанды киім-кешектерге қойылатын негізгі талаптар – оның қолайлылығы, тартымдылығы, ыңғайлылығы және артық элементтердің болмауы. Нысанды киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген нысанды киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады. Қазақстандық полицейлердің нысанды киімінің жаңа үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуларыңызды сұраймыз. _____________________________________ Представляем вашему вниманию рабочий проект новой формы казахстанских полицейских (наружной службы). Последний раз форма менялась в 2005 году. Сегодня она уже не соответствует современным требованиям. К основным требованиям форменного обмундирования предъявляется его практичность, привлекательность, удобность и избавление от лишних элементов в конструкции. Ни на дизайн, ни на изготовление формы дополнительных денег не требуется. Сотрудники полиции будут обеспечиваться обмундированием поэтапно, по мере износа прежней формы за счет ежегодно выделяемых на это средств. Просим принять активное участие в обсуждении новой формы казахстанского полицейского здесь на нашем аккаунте.

A post shared by ҚР ІІМ (@mvd.kaz) on