Индонезияның батысында цунами болып, 222 адам мерт болып, 843 адам зардап шегіп, 28 із-түссіз жоғалған. 22 желтоқсан күнгі Цунами Анак-Кракатау аралындағы атқылаған жанартаудың әсерінен болған. Апат болған кейбір жерлерге құтқарушылар әлі де жете алмай жатқандықтан қаза болған, зардап шеккен, жоғалып кеткен адамдардың саны әлі де өсуі мүмкін делініп отыр.