Әкімшіліктердің жанын қорғаныс кеңесі – әскери бақылау органы құрыла ма?

234

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ашық үкімет порталына қоғамдық талқылауға шығарды. Заң жобасында облыс, республикалық маңызы бар қала әкімшіліктерінің жанынан қорғаныс кеңесі құрылатыны айтылған: “астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстың қорғаныс кеңесі – астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстың жергілікті атқарушы органы соғыс жағдайын енгізе отырып құратын және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде мемлекет қорғанысы мүддесінде әскери және мемлекеттік басқару органдарына басшылықты жүзеге асыратын әскери басқару органы” делінген заң жобасында. Жоба бұдан өзге де өзгертулер мен толықтыруылар бар.