Астанада 23 миллион теңгеге жылы аялдама салынды

345
фото - bnews.kz
фото - bnews.kz

Астанада қоғамдық дәретханасы бар жылы аялдама салынды. Мұндай жаңалықты bnews.kz жазады. Аялдама “Жағалау” ықшам ауданындағы “Құлагер” тұрғын үй кешеніне жақын маңда орналасқан.

фото - bnews.kz
фото – bnews.kz

Аялдаманы АҚШ-тан келген инвестор Астана қаласы Есіл ауданының зор көмегімен 23 миллион теңгеге салған. Аялдамада төрт адам жұмыс істейді. Жұмыс уақыты таңғы сағат 6-дан түнгі сағат 22.00 ге дейін. Дәретханаға кіру бағасы – 50 теңге.

фото - bnews.kz
фото – bnews.kz