Жеңіс Қасымбек индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды

110

Жеңіс Қасымбек индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды – деп хабарлайды arasha.kz Ақордаға сілтеме жасап.

“Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын”, – деп жазылған Жарлықта.