Бүгін үкімет құрамында кезекті ауыс-түйіс болды. Осыған орай arasha.kz тілшісі саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірін білген еді.

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

Атамқұловтың Инвестициялар және даму министрлігінің реорганизациясымен сәйкес келгенін сәйкестік деуге болады. Себебі Инвестициялар және даму министрлігі функцияларының бір бөлігі Сыртқы Істер министрлігіне өтті. Қандай функциялар өткенін мұқият қарап шықтым. Олардың көбі экспортпен және инвестиция тартумен байланысты. Бұдан Сыртқы Істер министрлігін дипломатиядан гөрі экономикалық құрылымға айналдырғысы келетіндері байқалады. 

Бейбіт Атамқұлов дипломатиялық тәжірибесі бар адам, елшілікте жұмыс істеген. Кейін Инвестициялар және даму министрлігі болып өзгерген Инвестиция және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты хатшы болғандығы еске түседі. Мүмкін Қайрат Әбдірахманов орындамаған негізгі жұмысты  Бейбіт Атамқұловқа тапсырып, Қазақстанға инвестор тартуда қарқынды жұмыс істеуді көздеген болар. Себебі осыдан бірнеше жыл бұрын Е.Ыдырысов министр болып тұрған кездің өзінде президент СІМ-не инвестиция тартуды тапсырған. Сондықтан да кадрларды ауыстырудың бір себебі президенттің көңілі толмаушылығы болуы мүмкін. Бірақ  мен мұны үлкен қателік деп есептеймін, себебі СІМ қазір аналитикалық, ақылмен шешетін өте үлкен жұмыс істеуі керек. Өйткені Қазақстан қазір өсіп келе жатқан геосаяси қауіпті фазаның алдында тұр. Әсіресе Ресей мен Қытайдың үлкен мүддесін ескерсек және халықаралық құқықтағы дағдарысты айтсақ та болады. Тіпті халықаралық саяси алаңда турбулентті жағдай орын алып тұр. Қазір дағдарыс әртүрлі аймақтарда байқалады: Еуропалық Одақ, АҚШ, Таяу Шығыс, постсоветтік елдер (Украинадағы жағдай). Сондықтан да Сыртқы Істер министрлігі аналитикалық жұмыстармен көбірек айналысуы керек деп есептеймін. Ал бізде министрден экономист жасағысы келеді. Бірақ бұл дұрыс емес. Меніңше, президент сыртқы саясатқа қатысты барлық функцияларды өзіне жинағысы келеді. Қазақстанға түрлі соққы жасалып жатыр. Соның ішінде ақпараттық соққы да бар. Естеріңізде ме, былтыр, алдыңғы жылдары СІМ үнемі Ресейдің БАҚ пен сарапшыларының соққысына ұшырап, ылғи оларға жауап беруге тура келіп жататын. Ондай соққылар көбейе бермек. 

arasha.kz