Шет ел баспасөзі осы аптада Астананың шетінде орналасқан Қоянды кентінің кейбір тұрғындары қар суын ерітіп, пайдаланып отырғаны жайлы бейнебаян жариялады. Тақырыбы: «Су үшін қар ерітіп отырған ауылдағы қазақтар».

Ауыл тұрғыны Тілеужанның айтуынша, суды тазартуға тырысқанымен де, бәрібір тазармайды. Ол еріген қардың суын ыдыс-аяқ, еден, кір жууға пайдаланады. Ең жақын құдық 5 км қашықтықта, ал оның көлігі жоқ.

Ал машинасы бар Сүйімжан үйіне күніне 150 литр су тасиды, өткені ол әкелген суын көлігі жоқ көршілерімен де бөліседі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша сулары таза артезиан суы емес, дәмі тұз татитын, түсініксіз қоспалары бар, жер асты суы. Ауыл үйлері пайдаланған кәріз суы жер астына ағызылатындықтан, ластанған су жер асты суымен араласып кетуі мүмкін.

Ауыл әкімі бұл туралы, «Тұрғындар жерді (үй салу үшін) басып алды. Енді келіп су, жол, электр жрығын беріңдер дейді. Егер бұл әуел бастан дамудың бас жоспарына сай болса, яғни заңмен белгіленген талаптарға жауап берсе, бұның бәрі есепке алынар еді»,-дейді.

Ауыз су 2021 жылға қарай күтілуде. Ал Тілеужан үйін сатылымға қойыпты.

Қоянды ауылы