Ұлттық құрылтайға – 3 жыл: Ерлан Қарин атқарылған істер жайлы баяндады.

13 маусым, 2025 / Arasha.kz

Бүгін Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда маңызды рөл атқаратын Ұлттық құрылтайдың құрылғанына үш жыл толды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді.

Құрылтай құрамы үнемі жаңартылып отырады. Оның қатарында Парламент депутаттары, саяси партиялардың, білім, ғылым, мәдениет, бизнес, медицина, спорт, адам құқығын қорғау саласындағы ірі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері, жас көшбасшылар және белсенді азаматтар бар.
Ұлттық құрылтай осы уақыт ішінде Қазақстан қоғамын ортақ мақсатқа жұмылдыруға арналған бірегей идеялар мен стратегиялық қадамдар ұсынатын ең басты институтқа айналды.
Құрылтай мүшелері осы құрылымның бұған дейінгі төрт отырысы мен жұмыс кездесулерінде көптеген бастама көтерді. Оның басым бөлігі орындалды.
Құрылтайда:

Құрылтайдың гуманитарлық бағыттағы жұмыстары да айрықша маңызды. Атап айтқанда:

  1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізілді (25-қазан – «Республика күні» ұлттық мереке мәртебесіне ие болды);
  2. «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң қабылданды;
  3. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға түзетулер енгізілді;
  4. Креативті индустрияны қолдауға арналған заңнамалық шаралар қабылданды;
  5. Ғылым және білім беру мәселелері жөніндегі заңнамаларға түзетулер енгізілді;
  6. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру үшін 9 құрметті атақ бойынша түзетулер енгізілді;
  7. Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзетулер енгізілді;
  8. Есірткі өндірушілер мен оны тасымалдаушылардың жауапкершілігін саралау жөнінде түзетулер енгізілді;
  9. Шегуге келмейтін темекі өнімдері мен вейптерге тыйым салу
    жөнінде түзетулер енгізілді;
  10. Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері жөнінде түзетулер енгізілді;
  11. Вандализммен күрес және табиғи объектілерді қорғау жөнінде түзетулер енгізілді;
  12. Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі заңнамаларға түзетулер енгізілді;
  13. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң қабылданды;
  14. «Айбын» орденінің түрлі дәрежесіне майдангер-батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру туралы түзетулер енгізілді;
  15. Ономастикаға және символикалардың біріңғай стандартына қатысты түзетулер енгізілді;
  16. Мемлекеттік наградаларға толықтай немесе оның кейбір элементтеріне түр-сипаты ұқсас наградаларды даярлауға, онымен марапаттауға тыйым салатын заң қабылданды.
    Бұған қоса, қазір тағы 5 заң жобасы, атап айтқанда:
  17. Археология саласына қатысты;
  18. Арнайы қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы;
  19. Ғылым қалашықтарын құру туралы;
  20. Коммерциялық емес ұйымдар туралы;
  21. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң жобалары әзірленіп жатыр. Оларды да қабылдау жоспарланып отыр.
    Ұлттық құрылтай ел дамуына қатысты ұзақ мерзімге арналған күн тәртібін қалыптастыратын маңызды құрылымға айналды.
    Атап айтқанда, Үкімет Құрылтайдың үшінші отырысының қорытындысына сәйкес 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылым жоспарын бекітіп, жүзеге асырып жатыр.
    Ал құрылтайдың 4-ші отырысында Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 40 жылдығына дейінгі ел дамуының бес басым бағытын айқындап берді. Бұл – цифрландыру және жасанды интеллект, көлік және транзит, энергетика, агроөнеркәсіп секторы және адам капиталы.