«Тікұшақпен дәрі шашады» — жалған ақпарат.

17 наурыз, 2020 / Arasha.kz

Денсаулық сақтау министрлігі «Бүгін дезинфекция үшін тікұшақпен дәрі шашылады» деп тараған ақпаратты жоққа шығарып, оның жалған ақпарат екендігін мәлімдеді.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Whatsapp желісінде тараған «Бүгін сағат 23:00 мен 5:00 аралығында дезинфекция үшін тікұшақпен дәрі шашады. Үйдің терезелері мен балкондарын ашуға, сондай-ақ сағат 23:00 кейін көшеге шығуға тыйым салынады» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми хабарлайды» делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Whatsapp желісінде тараған "Бүгін сағат 23:00 мен 5:00 аралығында дезинфекция үшін…

Опубликовано Министерство здравоохранения Республики Казахстан Вторник, 17 марта 2020 г.

Жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады.