Оралдан Қытайға мұздатылған қой еті жөнелтілді

395

Батыс Қазақстан облысындағы өндіретін “Кубей” компаниясы Қытайдың Үрімші қаласына 18 тонна қой етін жөнелтті.

Аталған қазақстандық кәсіпорын Қытайдың HUOERGUOSI HAODA TRADE CO.LTD компаниясымен 1 000 000 АҚШ долларына қой етін жеткізу туралы келісім жасасқан.

“Кубей” компаниясы тауарлың келесі партиясын да дайындап қойғанын мәлімдеген.

Осы жылдың қараша айында аталған екі компания арасында келісімшарт жасалып, бес жыл ішінде Қазақстанның “Кубей” компаниясы Қытайға 20 мың тонна қой және сиыр етін экспорттауы керек.