Қазақстанда шетелдіктерге бір реттік электронды виза беріледі

120

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде шетелдіктерге бір реттік электронды виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) алуға мүмкіндік берілді. 

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми сайтының жазуы бойынша, шетелдіктер жарамды электрондық визамен тек Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіреді және шығады.

Туристік электрондық визалар 117 елдің азаматтарына беріледі. Олардың ішінде іскерлік және емделу үшін – 23 елдің азаматтары электронды виза ала алады.

“Электрондық виза тек визаны алушы үшін ғана жарамды және онымен бірге жүрген тұлғаларға қолданылмайды” деп жазылған хабарламада.