Дональд Трамп: Ауғанстандағы соғыс КСРО-ның құлауына әкелді

261

АҚШ трезиденті Дональд Трамп Совет Үкіметінің құлауын Совет әскерінің Ауғанстандағы соғысқа қатысуымен байланыстырды, деп хабарлайды arasha.kz Ауғанстанның телеграф агенттігіне (АфТАГ) сілтеме жасап.

АҚШ президентінің сөзінше, КСРО-ның Ауғанстанға басып кіруінің бірден бір себебі, Одаққа террористер тудыратын қауіптің алдын алу мақсаты. Бірақ Д. Трамптың пікірінше, бұл соғыс КСРО-ны әлсіретіп, оның құлауына алып келді.

“Олар [КСРО] дұрыс істеді. Бірақ мәселе мынада, ол үлкен шайқас болатын және соның салдарынан олар [КСРО] тақырға отырды. Совет Үкіметінен айырмашылығы, олар Ресей деп атала бастады”, – деп жазады ТАСС Трамптың сөзін келтіріп.

Сонымен қатар, Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ Ауғанстанға “миллиардтаған және миллиардтаған долларларды құртып жатыр”. Оның сөзінше бұл елде Ауғанстанның көршілері – Пәкістан, Ресей мен Үндістан соғысуы керек. Сонымен қатар мемлекет басшысы “Америкадан 6 мың миль қашықтықтағы” АҚШ әскерінің Ауғанстанда барына күмән келтірді.