Алматыда жолайрықтар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайы тексеріліп жатыр.

4 наурыз, 2024 / Arasha.kz

Алматы қалалық мобильділік басқармасында жер сілкінісінен кейін мамандар 36 жолайрығы мен көпірге, 45-тен астам жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдеріне визуальды тексерулер жүргізілгенін хабарлады.

«Еш зақым анықталған жоқ. Сонымен қатар, көпірлер мен өткелдерді егжей — тегжейлі зерттеу жұмыстары жалғасуда», — делінген хабарламада.