Путин пасхаға байланысты ұрыс даласында бір күндік бітім жариялады.

19 сәуір, 2025 / Arasha.kz

Ресей президенті православтық Пасха кезінде барлық соғыс әрекеттерін тоқтатуға бұйрық берді. Бұл туралы Кремль Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығымен өткен кездесуден кейін хабарлады.

Пасхалық бітім бүгін Мәскеу уақытымен 18:00-де күшіне енеді және 21 сәуірдің түнгі 00:00-іне дейін жалғасады.

«Атысты тоқтату режимі гуманитарлық мақсатта енгізіліп отыр және Киев те осы бітімді сақтаған жағдайда Ресейдің Біріккен әскер тобы бұл режимді орындайтын болады», — деді Путин.