Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы ұлғайтылды

227

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас зейнет жасы болып бекітілді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан әйелдерінің зейнет жасы кезең-кезеңімен ұлғайып, 2027 жылы 63-ке жетеді.

2018 жылы 1 қаңтарда зейнет жасын арттырудың бірінші кезеңі өтіп, әйелдер 58,5 жаста зейнетке шығатын болды. Енді биыл бұл жас тағы ұлғайды. Қазір елімізде ерлер зейнетке 63 жасында шығады.