Жаңа саяси партия құрылды

171

Өзбекстанда тағы бір саяси күш – Өзбекстан экологиялық партиясы құрылды. 8 қаңтар күні Ташкенттегі Халықаралық сауда орталығында партия құрылтайы өтті.

Өзбекстанда бұған дейін төрт саяси партия – Халықтық-демократиялық партия, “Адолат” (“Әділет”) социал-демократиялық партиясы, “Миллий тикланиш” (Ұлттық қайта өрлеу”) демократиялық партиясы мен Либералды-демократиялық партия (“Кәсіпкерлер мен бизнесмендер қозғалысы”) болған.

Жаңа партия Өзбекстан экологиялық қозғалысының негізінде құрылды.

Қозғалысқа Өзбекстан мен Тәжікстан Рогун ГЭС-ін салуға қатысты келісімге келе алмай, мәселе дауға айнала бастаған кезде Өзбекстан парламентінен 15 депутаттық мандат берілген.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2017 жылы 22 желтоқсанда парламентте жасаған алғашқы үндеуінде экологиялық қозғалысқа парламенттен ерекше квота бөлінгенін сынаған.

Мирзияев үндеуінде “Барлық саяси күштерге теңдей жағдай жасайтын және экологиялық қозғалыс өкілдеріне квота бөлуден бас тартатын уақыт жетті деп ойлаймын” деген.

Дереккөз: Azattyq.org