Атырауда ай сайын 25 нәресте шетінейді

224

Атырауда ай сайын 25 нәресте шетіндей. Мұндай хабарды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс педиатры Раиса Баймұханова сәрсенбі өткен брифингте айтты.

«Орта есеппен айына 25 нәресте шетінейді. Бұл аз көрсеткіш емес. Негізгі себеп босану кезіндегі қиындықтар және ана денсаулығы. 2017 жылы бір жасқа дейінгі 176 сәби шетінеді” дейді Р.Баймұханова. Оның айтуынша, өткен жылдары облыс бойынша бес жасқа дейінгі 352 бала шетінеген.