Қарағандыдағы төбелес: Армения азаматы Нарек Гурурян ұсталды

153

Қарағандыдағы төбелеске күдіктілердің бірі, халықаралық іздеу жарияланған Нарек Гурурян ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрінің өкілі Алмас Садубаев хабарлады.

Садубаевтың айтуынша, “Армения азаматы Нарек Гурурян Ресейдің Омбы облысының аумағында ұсталған. Қазір оны Қазақстанға әкелу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр”.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Гурурян 1 қаңтар түнгі 10-да Қазақстаннан Ресейге өтіп кеткен.

Жаңа жыл түні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде болған төбелес салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жараланған. Бұл оқиғаға қатысы бар деген күдікпен сегіз адам ұсталғаны ІІМ хабарлаған болатын. Астанада өткен арнайы брифингте Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов “жанжалдың ұлтаралық сипаты жоқ” деп мәлімдеген болатын.