Бір жылда 35 мыңнан астам қытай азаматы келген

303

Былтыры 35 мың 215 қытай азаматы Қырғызстанға келіп, олардың 34 мың елдеріне қайтқан. Ал 2017 жылы 41 мың қытай азаматтары көрші елге келген екен. Бұл туралы Қырғызстанның бірінші вице-прьемері Құбатбек Боронов сәрсенбіде өткен баспасөз мәслихатында айтқан деп жазады kyrtag.kgОның айтуынша, былтыры 24 мың 836 қытай азаматтары тіркелсе, 2010-2018 жылдар аралығында 286 қытай азаматы Қырғыз азаматтығын алған. Оның 171 – этникалық қырғыздар, 9 – өзбек, 72 – ұйғыр, 9 – дүнген, 1-қазақ және 6-ы қытай. Сондай-ақ, 3 мыңға жуық қырғыз студенттері Қытайда білім алып жатса, 2 мыңға жуық қырғыз азаматтары Қытайдың Қырғызстандағы кәсіпорындарында жұмыс істеп жүрген көрінеді.