Қ.Тоқаев жаңа заңға қол қойды.

16 ақпан, 2021 / Arasha.kz

Елімізде электрондық құжаттың қағаз құжатқа баламалығын куәландыру және қағаз құжаттың электрондық құжатқа баламалығын куәландыру көзделеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның негізгі міндеттері:

Басты мақсат — нотариат саласындағы заңнаманы жетілдіру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық жүйесін қамтамасыз ету.