Сооронбай Жээнбеков: Біз халықтың байлығын ұрлап жатқан жоқпыз!

107

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков соңғы кездегі Қытайға қарсы митингілерге қатысты ойын айтып, Қырғызстанның Қытаймен қатынасын бұзғысы келетіндердің мақсаты орындалмайды деп мәлімдеді деп жазады kyrtag.kg.

“Біз Қытай тарапына қарым-қатынас орнатып, көмек көрсетіп жатқанына ризашылығымызды білдіруіміз керек. Мәселе біздің шенеуніктерде. Халықаралық қатынастарды бұзып, елдің тұрақтылығына нұқсан келтіретіндердің әрекетін бақылап отырмыз. Олар заң жүзінде жазасын алады. Билік, заң жұмыс істейді. Біз халықтың байлығын ұрлап жатқан жоқпыз, елге зиян келтіріп те жатқан жоқпыз, біз қорқатын түк те жоқ” депті Сооронбай Жээнбеков.