Шымкентте қаржы пирамидасының жұмысы әшкере болды.

17 наурыз, 2025 / Arasha.kz

Қаржы мониторинг агенттігі Шымкент қаласындағы «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқандарын мәлімдеді.

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.

Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.

«Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленді», — делінген хабарламада.

Күдіктілер екі айға қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.