Қытайдағы “I’m a singer” байқауына қазақтың жиені қатысып жатыр

478

2017 жылы жерлесіміз Димаш Құдайберген қатысып, әлемге танылған Қытайдағы “I’m a singer” байқауына анасы қазақ, Ресейде туған, болғар азаматы Кристиан Костов қатысып жатыр. Ол туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында хабарлапты.

View this post on Instagram

only 2h left until the episode 1 of the “Singer”!

A post shared by Kristian Kostov (@kristian_kostov_official) on

Кристиан 2017 жылы Киевте өткен “Евровидение” байқауында екінші орын алған талантты әнші.  “Евровидениеде” ол Болгарияның атынан шықса,  “I’m a singer” байқауына Ресейдің атынан қатысады екен. Жас әнші бала кезінен түрлі байқауларға қатысып, өзінің әншілік қырын жан-жақты көрсетіп келеді.

Кристиан Костов 2000 жылы Мәскеуде туған. Анасы Зәуре – қазақ, әкесі Константин -болғар. Қазіргі уақытта Кристиан Болгария мен Ресей елдерінің атынан көптеген ән байқауларына қатысып жүрген әнші.

Кристиан Костов отбасымен. сурт nur.kz алынды
Кристиан Костов отбасымен. сурт nur.kz алынды