Мәжіліс депутаттары Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылдады.

18 наурыз, 2025 / Arasha.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңіне арналған Мәжілістің жалпы отырысының қортындысында арнайы қарар қабылданды.

Қарардың толық нұсқасы:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің

ҚАРАРЫ

Қазақстан үш жыл бұрын жаңғыру мен әділетті қоғам құру жолын таңдады. Президент көпшіліктің өзгерістерге деген сұранысын іске асыра отырып, мемлекетті нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасына бастамашылық етті.

Бүгін біз сол трансформацияны қорытындылап отырмыз: мемлекет күштірек, халық белсендірек бола түсті. Қоғам өмірінің барлық саласы мен саяси мәдениет түбірімен өзгерді.

Президенттің байыпты бағдары арқасында реформалар мызғымас сипатқа ие болып, әділеттілік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттары ел дамуының жаңа моделін қалыптастырды.

Жаңа саяси философия

Президент елді басқарудың қоғаммен келісімге бағытталған жаңа моделін негіздеп берді:

Құқық үстемдігі – тұрақты даму кепілі

Конституция – біздің ортақ келісіміміз және оның принциптері мызғымайды:

Күшті институттар – тұрақты реформалар негізі

Елдің дамуы – тең диалог, өзара жауапкершілік және шешімдерді бірлесіп іздеу негізінде мемлекет пен қоғамның ортақ миссиясы.

● Азаматтық қоғам биліктің барлық тармағымен өзара іс-әрекет ету және қоғамдық бақылауды күшейту арқылы шешімдер қабылдау процесінің белсенді қатысушысына айналады.

Азаматтық өзара іс-әрекет  принциптері

Әділетті болашақ жолындағы бірлік

Қазақстан – адал еңбек табысқа жетелейтін, заң тұлғалар мен мәртебеден жоғары тұратын, ал болашағы халықпен бірге құрылатын ел.

Мәжіліс Президенттің бағытына қолдау білдіріп, басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру үшін барлық азаматтарды бірігуге шақырады.