Қызылорда облысында 120-дан астам киікті атқан тұрғындар ұсталды.

6 наурыз, 2025 / Arasha.kz

6 наурызда өңір полицейлері Volkswagen Crafter көлігін тоқтатып, тексеру барысында оның ішінен 39 киіктің өлексесін тапты. Сонымен қатар жеке үйді тексеру кезінде тағы 84 өлексе, 14 бас және 6 тері анықталды.

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.