FLY ARYSTAN билеттер бағасына жасырын ақы қосып отырған.

4 наурыз, 2025 / Arasha.kz

Монополияға қарсы орган FLY ARYSTAN билеттерге құн қою кезінде бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді.

«Талдау барысында авиабилеттердің құны брондаудың әртүрлі кезеңдерінде автоматты түрде қосылатын жасырын қосымша ақылар есебінен өскені анықталды»,-делінген хабарламада.